Құрметті біздің округтің тұрғындары!

Өзгеретін уақыт келді. 2023 жылы 19 наурызда Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау өтеді. Қаламыздың болашағы бізге байланысты!

Мен – Тимур Елеусізов, экологпын, Қазақстанның бас экологының ұлымын. Әкем екеуміз өмірімізді экологияны қорғауға арнадық.

Көптеген адамдар проблемалар жайлы тек айтып өтеді, ал мен және командам әрекет етуді жөн көреміз.

Біз еліміздің әрбір үйінде экология мәселелері қаттырақ айтылуы үшін сайлауға түсіп отырмыз. Сөзбен емес, іспен дәлелдейміз.

Біз Алматының қарағайлы орманы экопаркін құрдық және оған 7000-нан астам ағаш отырғыздық;

Біз Kaz Eco Patrol экологиялық бұзушылықтарға жедел әрекет ету қоғамдық қозғалысын ұйымдастырдық;

«Ауланы сыпырушыны күтпе!» деген қозғалысты бастадық.

Мен жүйеге қарсы тұрамын. Жұмыс істемейтін жүйеге, содан пайда көретін жүйеге қарсы тұрамын.

Мен экология үшін күресті ресмилік пен бюджетті жылыстатқысы келетіндер үшін жайсызбын, өйткені табандымын әрі қиянатқа бармаймын.

Депутат мәртебесі маған осы тәртіпсіздікті жұмыс тәртібімен шешуге, әкімшілік тетіктерге қысым жасауға мүмкіндік береді.

Сондықтан мен сіздерге, сіздердің қолдауларыңызға және дауыстарыңызға ғана сенемін!

Мәслихаттың тәуелсіз депутаты ретінде мен бірінші кезекте мынадай міндеттерді шешемін:

Ауаның ластануы және Алматының үстіндегі мәңгілік түтін;

Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату;

Көгалдандыру мәселелері, ағаштарды заңсыз кесу және көшеттерді жою;

Заңсыз және ойластырылмаған құрылыс;

Табиғатты қорғау секторындағы сыбайлас жемқорлық және жедел әрекет етпеу.

Сіздің маған берген дауысыңыз — тұрақтылық күресі үшін берген дауыс, дұрыс экология үшін берген дауыс!