Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлауалды бағдарламасы
Елеусізов Тимур Мэлсұлы
«Болашақ — бүгінге деген адалдықта»
Өзгеретін уақыт келді. 2023 жылы 19 наурызда Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау өтеді. Қаламыздың болашағы бізге байланысты!
Мен экологпын, Қазақстанның бас экологының ұлымын. Әкем екеуміз өмірімізді экологияны қорғауға арнадық.
Көптеген адамдар проблемаларды тек айтады, ал мен және менің командам әрекет етуді жөн көреміз.
Біз еліміздің әрбір үйінде экология мәселелері қаттырақ айтылуы үшін сайлауға түсіп отырмыз.
Сөзбен емес, іспен дәлелдейміз.
Біз Алматының қарағайлы орманы экопаркін құрдық және оған 7000-нан астам ағаш отырғыздық;
Біз Kaz Eco Patrol экологиялық бұзушылықтарға жедел әрекет ету қоғамдық қозғалысын ұйымдастырдық;
«Ауланы сыпырушыны күтпе!» деген қозғалысты бастадық.
Мен жүйеге қарсы тұрамын. Жұмыс істемейтін жүйеге, содан пайда көретін жүйеге қарсы тұрамын.
Мен экология үшін күресті ресмилік пен бюджетті жылыстатқысы келетіндер үшін жайсызбын, өйткені табандымын әрі қиянатқа бармаймын.
Депутат мәртебесі маған осы тәртіпсіздікті жұмыс тәртібімен шешуге, әкімшілік тетіктерге қысым жасауға мүмкіндік береді.
Сондықтан мен сіздерге, сіздердің қолдауларыңызға және дауыстарыңызға ғана сенемін!
Менің тәуелсіз мәслихат депутаты ретіндегі жұмыс бағдарламам:
- Ауаның ластануы
- ЖЭО. Ең үлкен ауаны ластаушы
Бізге оны газға ауыстыру керек деп ұсынып жатыр. Бірақ бұл өте қымбат.
Ыстық судың құны, тиісінше, жылу өте қымбат болмақ, ал жобаны іске асыру мерзімі өте ұзақ.
Бұл шешім емес.
Мен ЖЭО-да сүзгілерді орнатуға тырысамын, бұл әлдеқайда арзан әрі жылдам.
Мен шағын жергілікті ЖЭО іске қосамын.
Қала сыртындағы үлкен ЖЭО – бұл ескірген және тиімсіз концепция. Энергия тым көп шығындалады, экология бұзылады және жылу беру жүйесінде икемділік жоқ.
- Автокөлік. Тағы бір үлкен ауаны ластаушы
Қалаға көптеген көлік кіреді. Біз олардың кіруін шектей алмаймыз, бірақ қалаға такси ретінде келетін экологиялық нормаларға сәйкес келмейтін автокөліктерді алып тастай аламыз.
Мен қалалық таксопарк жұмысын істеуге лицензия беруге арналған нормативтік база құру үшін әрекет жасаймын. Сонда экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін автокөліктер Яндекс, Uber және т. б. сервистерден тапсырыстарды қабылдай алмайды және орындай алмайды.
Бұл таксопаркке басқа өңірлерден келетін ақаулы машиналардың санын азайтуға және олардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
- Жылыту үшін көмір мен автокөлік шиналарын пайдалану
Қалада әлеуметтік жағдайы төмен халықтың белгілі бір пайызы бар, олар үйлерін көмірмен жылытады, сонымен қатар жылуды сақтау үшін автокөлік шиналарын жағады. Бұл газға қосылуға және оның ақшасын төлеуге қаражаты жоқ адамдар.
Мен өз бағдарламамның аясында осындай іс-қимылдарға мониторинг жүргізгім келеді. Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен бөлігін газға көшіруді субсидиялау қажет. Егер мұндай әрекеттерді материалдық жағдайы жақсы адамдар жасаса, оларға айыппұл салу керек.
- Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату
Біз қоқысты жинау және кәдеге жарату жүйесін өзгертуіміз керек.
Біз қоқысты қайталама шикізат ретінде жинау және сату бойынша кооперативтер құрамыз. Алынған пайда сектордың ТКШ шығындарын өтеуге бағытталатын болады.
Қоқыс полигондарында арнайы экономикалық аймақ (АЭА) құру керек және қоқыс пен ҚТҚ қайта өңдеуде мемлекеттік жеке әріптестік жүйесін енгізу қажет.
Қаланы абаттандыруға арналған тендерлерді қайта өңделген қайталама шикізаттан жасалған материалдарды пайдаланатын компаниялар басымдық тәртібімен алатын болады.
Бұл қоқыстың проблемаға емес, активке айналуына әкеледі.
- Көгалдандыру мәселелері, ағаштарды заңсыз кесу және көшеттерді жою
Бұл тақырып маған өте жақын.
2019 жылы мен Kaz Eco Patrol қоғамдық қозғалысын құрдым. 2021 жылы біз республикалық қоғамдық бірлестік мәртебесін алдық. Менің бастамаларымды Қостанай, Астана, Талдықорған және Ақтөбе қалаларының белсенділері қолдады.
Көгалдандыру және ағаштарды заңсыз кесу мәселелерімен жүйелі, адал ниетпен және қиянатқа бармай күресіп жатырмыз.
Жасыл көшеттерді субсидиялауды ұлғайту қажет. Кәсіпкерлер ағаш отырғызу және көгалдандыру үшін өтемақы алуы керек.
Мен бюджет есебінен отырғызылған жасыл кеңістіктерді бақылау үшін қарапайым адамдарды тартамын. Дұрыс отырғызбау және күтім жасамау салдарынан өлген ағаштарды анықтау жүйесін құру қажет.
- Заңсыз және ойластырылмаған құрылыс
Мен қаланың қала құрылысы кеңесіне экологиялық сараптаманы есепке алу міндеттілігін енгізу үшін жұмыс істеймін.
- Табиғатты қорғау секторының мәселесі. Табиғатты қорғауға жедел әрекет етудің жеткіліксіздігі. Сыбайлас жемқорлық
Қазіргі уақытта қала тұрғындары Экологиялық кодекстің бұзылуына тап болып отыр, олар қайда жүгіну керектігін және қалай көмек алу керектігін білмейді.
Мен цифрлық платформаны және халықтың шағымдарына жауап беру жөніндегі комиссияны құруды қолға аламын.
Бұл қаланың экологиялық қауымдастығына қаламыздың кез келген экологиялық мәселелерін жедел шешу үшін заңды алаң алуға мүмкіндік береді.
Сіздің маған берген дауысыңыз — тұрақтылық күресі үшін берген дауыс, дұрыс экология үшін берген дауыс болмақ!
Бағдарламаны Елеусізов Тимурдың сайлауалды штабы әзірледі.
