АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚАРАҒАЙ ОРМАНЫ ЭКО-ПАРКІ
ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ШЕШІМ
Біздің мақсатымыз — табиғи аймақтары, балаларға арналған ойын алаңдары және спорт алаңдары бар эко-стильдегі серуендеу, яғни ландшафтты саябақ құру және қолдау. Саябақ аумағында бұқаралық іс-шаралар мен жәрмеңкелер өткізуге арналған орны бар амфитеатр орналасады.
Онда мектеп оқушылары бара алатын, оларға экология, биологияның табиғи ресурстары тақырыбы бойынша дәрістер оқылатын жылыжай орналасады. Аумақта «халық саябағына» арналған аумақ белгіленеді, жақын маңдағы аудандардың тұрғындары мұнда келіп, «атаулы» ағаштар отырғызатын болады. Қарағай орманы, шығыс бағы, хош иісті шөптер бағы, лаванда алқаптары және т.б. түрлі тақырыптағы бақтарды ұйымдастыру көзделген.
7000-нан астам қылқан жапырақты және жайпақ жапырақты ағаштар ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ.
Артезиан ұңғымасы;
Суаруды ұйымдастыруға арналған сорғы стансасы САЛЫНДЫ.
Саябақтың – ойын алаңы және тұрақтың құрылысы басталды.